14 маусым 2022 | 18:08

Алматы облысында бұзақылар іздестіріліп жатыр: бес тұрғын зардап шеккен

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Желіде тұрғын үй ауласында белгісіз біреулердің ер адамға шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде тұрғын үй ауласында белгісіз біреулердің ер адамға шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, бес адам жарақат алған. Оқиға Алматы облысының Бесағаш ауылында болған.

"Оқиға 13 маусымға қараған түні Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы "Аспан сити" тұрғын үй кешені маңында болған. Дерекке қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу басталды. Іс материалдарына сәйкес, жәбірленуші бес жергілікті тұрғын бар, олардың екеуі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері видеоны тексеріп, куәгерлерден жауап алып жатыр", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Полиция екі күдікті ұсталғанын хабарлады. Қалғандарына іздеу жарияланған.

Зардап шеккендердің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, оларға қажетті көмек көрсетілгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная