ПОДЕЛИТЬСЯ
15 сәуір 2019 | 09:20
Алматы облысында былтырдан бері мал ұрлап жүрген барымташы қолға түсті
Алматы облысында былтырдан бері мал ұрлап жүрген барымташы қолға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында былтырдан бері мал ұрлап жүрген барымташы қолға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полициядағылардың мәліметінше, ер адам Талдықорған маңында ұсталды.
"Он дерекке қатысты бар делінген Қаратал ауданының 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Барлық ұрлау дерегі Ескелді ауданында тіркелген. Онда өткен жылдың күзінен бастап жергілікті тұрғындардың малы ұрланып келген", - деп хабарлады облыстық полиция департаментіндегілер.
Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұсталған барымташының 10 ұрлау дерегін жасағаны дәлелденді. Бірақ ол осыған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Показать комментарии
Читайте также