26 шілде 2021 09:21

Алматы облысында департамент басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Фото: ©Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің жауапты қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қатысты ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Осы департаменттің бастығы өзінің қарамағындағы қызметкері - бас маманның делдалдығы арқылы Талғар аудандық электр желісінің электр энергиясын тексеруден кейін оң нәтиже беруі үшін мекеме қызметкерінен пара алды деген күдікке ілінді. 

Ведомство мәліметінше, бұл адамдар пара алу және беру, сонымен қатар, делдалдық деректері бойынша ұсталмады, себебі олар кінәсін толық мойындады.

Реклама
Реклама

Тергеу жалғасып жатыр.

ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпараттар берілмеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram