02 тамыз 2016 12:46

Алматы облысында екі ер адам 57 жастағы әйелді сабап, ұрлап кеткен

© Facebook.com

57 жастағы КазЦИК ауылының тұрғынын ұрлаған Талғар ауданының екі тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күдіктілер әйел адамды Алматы қаласына әкеліп, тұтқыннан құнын төлеп босату үшін пәтерде ұстап отырған. Ол үшін әйелдің туыстарынан шетелдік валютамен қомақты қаражат талап еткен. Адам ұрлау ісі 2016 жылдың 25-нен 26-на қараған түні болған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram