23 маусым 2023 | 12:45

Алматы облысында екі мектепті жөндеу кезінде миллиондаған ақша жымқырылған

видео кадры

Алматы облысында екі мектепті жөндеу барысында аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру мән-жайы бойынша тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында екі мектепті жөндеу барысында аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру мән-жайы бойынша тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы мамырда Алматы облысы Кербұлақ ауданының білім бөлімі мен "ПМК-7К" ЖШС арасында жалпы сомасы 855 миллион теңге болған "Сарыбастау" және "Қарағаш" ауылдарындағы екі мектептің күрделі жөндеуін өткізуге шарт жасалған.

Реклама
Реклама

"Құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс компаниясының басшысы жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстардың бөлігін орындамау, орындалған жұмыстардың актілерін жалған жасау арқылы аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқырған. Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде ЖШС-тің есеп айырысу шотына 57,5 миллион теңге сомасында ақша қаражаты заңсыз аударылды", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, тергеу нәтижесінде оған қатысты қылмыстық іс сотқа жолданып, айыптау үкімі шықты. Сонымен қатар, сотталушымен мемлекетке келтірілген 57,5 миллион теңге сомасындағы залал толығымен өтелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная