ПОДЕЛИТЬСЯ
03 тамыз 2019 | 10:20
Алматы облысында ер адам анасын өлтіріп, әкесін ауыр жарақаттады
Алматы облысында ер адам ата-анасына шабуыл жасап, анасын пышақтап өлтіріп, әкесін ауыр жаралаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Патруль.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында ер адам ата-анасына шабуыл жасап, анасын пышақтап өлтіріп, әкесін ауыр жаралаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Патруль.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қылмыс үйде жасалды. Ер адам ұрыс кезінде ашу-ызасын тежей алмай ата-анасына шабуыл жасаған. Әйел сол жерде-ақ алған жарақаттарынан қайтыс болды. Әкесінің өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр. Қылмыскер ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз.
Жалпы, өткен тәулікте елімізде 734 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, оның 444-і ашылды. Барлығы 4 кісі өлтіру, 6 зорлау, 32 есірткі тәртібін бұзу, 8 денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірумен байланысты құқық бұзушылық, 18 тонау жасалды.
Показать комментарии
Читайте также