01 маусым 2021 | 09:53

Алматы облысында ер адам ауруханада шу шығарып, полицейді ұрды

Видеодан алынған кадр

Алматы облысында ер адам дәрігерлерге былапыт сөздер айтып, полиция қызметкерін ұрып-соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында ер адам дәрігерлерге былапыт сөздер айтып, полиция қызметкерін ұрып-соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Реклама
Реклама

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданы ПБ кезекші бөліміне Түрген ауылының 45 жастағы тұрғыны Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөлімінде медицина қызметкеріне дөрекі сөйлеп, әйнек шаққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына барған учаскелік инспектор онда қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның болғаны анықтады.

"Оқиға орнына келген полиция қызметкері ер адамнан сабыр сақтауын өтінді, бірақ ол бұл өтінішті елемей, полицейді бетінен себепсіз бір ұрды, содан кейін аулада түрлі соққы жасады, сөйтіп жағдайды пайдаланып белгісіз бағытта қашып кетті", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-тармағы 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная