12 қыркүйек 2022 | 12:37

Алматы облысында ер адам жалдамалы үйде есірткі зертханасын ашқан

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Алматы облысында "синтетика" өндірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Тергеушілердің айтуынша, ол есірткі зертханасын ашқан үйді жалға алған, ал ол әшкере болған кезде елден кетуді жоспарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында "синтетика" өндірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Тергеушілердің айтуынша, ол есірткі зертханасын ашқан үйді жалға алған, ал ол әшкере болған кезде елден кетуді жоспарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Маусымның аяғында полиция қызметкерлері Алматы облысының Азат ауылында есірткі зертханасын жойды. Қылмыскер синтетикалық есірткі өндіретін үйді жалға алған. Сақтану үшін ұялы телефон арқылы бақылау мүмкіндігі бар жасырын бейнекамералар орнатқан.

Қылмыс орнына оралған ер адам полицейлер бақылауына түсіп қалудан қорқып, есірткі, химиялық заттар мен құрал-жабдықтарды қалдырып, қашып кеткен", - деді брифингте ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Оның айтуынша, полицейлер оқиға орнында 75 грамнан аса дайын синтетикалық "скорость" деп аталатын есірткі затын, сондай-ақ психоактив заттарды синтездеу үшін қолданылатын 4,5 келіден аса прекурсорларды тапқан.

Реклама
Реклама

"Оқиға орнында жиналған айғақтар, үй иесі және көршілердің айғақтары қылмыскерді анықтауға мүмкіндік берді. Күдіктінің ортасы, басқа да деректері анықталып, жиі барған жерлері анықталды. Дәлелдемелерді қамтамасыз етумен қатар, ұзақ мерзімді бақылаудың тағы бір мақсаты болды. Жедел қызметкерлер оның тағы бір есірткі өндірісін ұйымдастырған-ұйымдастырмағанын анықтауы керек еді.

Айғақтар алынып, күдіктінің елден қашуды жоспарлап отырғаны анықталған соң, ол Еңбекшіқазақ ауданы, Әймен ауылында ұсталды. Тінту кезінде ұсталған азаматтан 10 граммға жуық мефедрон тәркіленді", - деді Тұрлыбек.

Ұсталған ер адам мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная