Алматы облысында ер адам қыздарын зорлады деп айыпталды: апалы-сіңілі полиция қорғауына алынды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Алматы облысында әкесінің тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырағаны айтылған апалы-сіңілі полицияның қорғауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында әкесінің тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырағаны айтылған апалы-сіңілі полицияның қорғауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 мамырда 2001 жылғы Ц. мен 2003 жылғы Ц. өтініштері бойынша Еңбекшіқазақ ауданы ПБ СДТБТ-ға ҚР ҚК-ның 121-бабы 4-бөлігі бойынша екі қылмыстық іс тіркелген - "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері".

"Жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шараларымен жәбірленушілердің әкесі 57 жастағы күдікті Ц. есімді ер адам анықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық фигурантымен аса ауыр қылмыстардың мән-жайы жан-жақты, толық және объектив зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жәбірленуші қыздар соталды тергеу жүргізу кезінде полицейлердің қорғауына алынғаны айтылды. Күдікті ҚР ҚІЖК-ның 128-бабы тәртібімен ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынған. Тергеу барысы облыс Полиция департаменті бастығының бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама