ПОДЕЛИТЬСЯ
02 ақпан 2022 | 17:50
Алматы облысында ер адамды азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр
Алматы облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсталған ер адамды азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерімен А.Б. Батырбаевты ұрып-соғу фактісі туралы ақпарат таралды.
Тұлға Талдықорған қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін 2022 жылғы 22 қаңтарда ұсталғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Бас прокуратура мәліметінше, 23 қаңтарда жауап алу кезінде, ер адам 10 қаңтарда ішкі істер органдарының қызметкерлері оған дене жарақатын келтіргені туралы айтқан.
"Батырбаевтың арызы негізінде Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также