ПОДЕЛИТЬСЯ
16 тамыз 2020 | 18:30
Алматы облысында ер адамды өз үйінде пышақтап кеткен
Алматы облысының полициясы Ащысай ауылындағы адам өлімі бойынша тергеуді бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысының полициясы Ащысай ауылындағы адам өлімі бойынша тергеуді бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Кісі өлімі 15 тамызда сенбіге қараған түні болған. Ер адамды өз үйінде белгісіз біреу пышақтап кеткен. Жарақат алған адам Шелек ауылының ауруханасына жеткізілді, бірақ оны құтқару мүмкін болмады.
Ер адам алған жарақатынан қайтыс болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Жағдай жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының бақылауында. Алматы облысының полиция департаменті мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне ғана сену керектігін, сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді", - делінген хабарламада.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также