ПОДЕЛИТЬСЯ
25 наурыз 2021 | 12:40
Алматы облысында ер адамға шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалды
Алматы облысында екі ер адамның қарақшылық шабуылы видеоға түсіп қалған. Кадрлар әлеуметтік желілерде таралды. Әзірше нақты ақпарат жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында екі ер адамның қарақшылық шабуылы видеоға түсіп қалған. Кадрлар әлеуметтік желілерде таралды. Әзірше нақты ақпарат жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео кадрланынан 23 наурызда екі ер адам жаяу жүргіншіге қалай шабуылдағанын көруге болады. Жәбірленуші қашып кетуге тырысады. Бірақ қарақшылар қолынан сытылып кете алмаған. Оны ұстап алып, құлатып, ұрып-соққан. Кейін олар жәбірленушінің жеке заттарын алып, қашып кеткені көрінеді.
"Оқиға Талғардағы Попов көшесінде болған", - деп жазылған жазба сипаттамасында.
Полиция департаменті видеоға қатысты түсінік берді.
"Мониторинг барысынд қарақшылық дерегі бойынша Талғар аудандық полиция басқармасына, сондай-ақ орталық аудандық ауруханаға арыз-шағым түскен жоқ. Алайда әлеуметтік желілерде жарияланған видеодағы қарқшылар мен жәбірленушіні анықтау шаралары жүріп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также