ПОДЕЛИТЬСЯ
10 маусым 2022 | 07:19
Алматы облысында ерлі-зайыптыға оқ атқан күдікті ұсталды
Алматы облысында ерлі-зайыптыны мылтықпен жаралаған 24 жастағы талдықорғандық ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында ерлі-зайыптыны мылтықпен жаралаған 24 жастағы талдықорғандық ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, күдікті 34 жастағы жергілікті тұрғынмен және оның әйелімен сөзге келіп қалған. Арты төбелеске ұласқан.
"Күдікті көлігімен жоғары жылдамдықпен жүйіткіп, ауыл көшесінің шаңын шығарған. Бұл жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды. Өзіне жасалған ескертуден кейін ол өзін агрессивті ұстап, төбелесті ушықтырып, ақырында атыс қаруын қолданды. Салдарынан 34 жастағы ер адам мен 31 жастағы әйел жарақат алды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді", - деді полиция.
Қылмыстық тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 24-бөлігімен қоса, яғни "Адам өлтіруге оқталу" бойынша қолға алынды.
Бұрын ұрлық жасағаны үшін үш рет сотталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды. Аңшы мылтығы тәркіленіп, айғақты зат ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также