Алматы облысында жасөспірім 12 жастағы қызды зорлаған

Дина Шарипханова Корреспондент
Midjourney көмегімен жасалған

Алматы облысында жасөспірім зорлау күдігі бойынша ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында жасөспірім зорлау күдігі бойынша ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Бұған дейін желіде Жамбыл ауданының бір ауылында 12 жастағы қыз зорланғаны туралы ақпарат тараған еді. Полиция қызметкерлері күдікті жасөспірімді ұстаған.

Реклама
Реклама

Полиция пікірі

Алматы облысы ПД ақпаратты растады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамалды. Сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар, күдіктінің заңды өкілдері кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тергеу полиция басшылығының бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама