13 наурыз 2023 | 13:55

Алматы облысында жасөспірімдер 49 жастағы ер адамды аяусыз соққыға жыққан

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы облысында кәмелетке толмаған жасөспірімдер ер адамды аяусыз соққыға жыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 7 наурызда түнде Есік қаласының ауруханасына түрлі дене жарақаттарымен 49 жастағы ер адам жеткізілген.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында кәмелетке толмаған жасөспірімдер ер адамды аяусыз соққыға жыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 7 наурызда түнде Есік қаласының ауруханасына түрлі дене жарақаттарымен 49 жастағы ер адам жеткізілген.

Жәбірленуші Тау Түрген ауылының тұрғыны.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Еңбекшіқазақ ауданы ПБ ювеналды полициясының қатысуымен криминалдық полиция қызметкерлері 49 жастағы ер адамға дене жарақатын салды деген күдікпен 2006, 2007 және 2008 жылы туған үш кәмелетке толмағанды анықтап, ұстады. Тергеу әрекеттері кезінде ұсталғандар 6 наурызда сағат 2:00 шамасында Түрген ауылында белгісіз ересек адамға дене жарақатын салғанын мойындады", - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

Реклама
Реклама

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

"Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная