Алматы облысында жол апатынан үш жасөспірім қаза тапты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

Алматы облысында жол апатынан үш жасөспірім көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында жол апатынан үш жасөспірім көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 қаңтар күні сағат 22.20-да Панфилов ауданындағы Әулиеағаш ауылының маңында Nissan Cefiro көлігінің қатысуымен жол апаты болды.

"Көлікті Көктал ауылының 15 жастағы тұрғыны басқарған. Көлік Көктал - Әулиеағаш тасжолында аударылған. Оқиға орнында жүргізуші мен 14-15 жастағы екі жолаушы қаза тапты. Тағы екі жасөспірім түрлі жарақаттармен орталық аудандық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады полициядан.

Реклама
Реклама

ЖКО дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық іс қозғалды.

Көлікті басқаруға құқығы жоқ кәмелетке толмаған жүргізушіге жол берген көлік иесіне қатысты ҚР ҚК 349-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама