ПОДЕЛИТЬСЯ
15 ақпан 2022 | 10:01
Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған сегіз жасөспірім босатылды
Алматы облысында тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларынан қаңтардағы тәртіпсіздіктер барысында ұсталған 33 адам босатылды. Оның ішінде сегізі - кәмелетке толмағандар. Бұл туралы облыс прокурорының міндетін атқарушы Рашид Әміров 14 ақпанда өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларынан қаңтардағы тәртіпсіздіктер барысында ұсталған 33 адам босатылды. Оның ішінде сегізі - кәмелетке толмағандар. Бұл туралы облыс прокурорының міндетін атқарушы Рашид Әміров 14 ақпанда өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгінде 88 адам қамауда, 60-ына қатысты басқа да бұлтартпау шаралары таңдалған. Сот олардың жеке басын, жасын, денсаулық жағдайын, іс-әрекетке қатысын және басқа да мәліметтерді мұқият қарағаннан кейін бұлтартпау шараларына рұқсат берді.
Алматы облысында болған қаңтар оқиғалары нәтижесінде 758 адам жарақат алды, оның ішінде 643 полиция қызметкері, 78 әскери қызметкер және 37 азамат бар.
"Президент тапсырмасына сай, жазаны ауырлататын мән-жай анықталмаған адамдардың жазасын жеңілдету бойынша шаралар қабылданды. Бірақ бұл тәсіл әр адамға жеке беріледі. Өйткені қылмыстың ауырлық дәрежесі мен сипаты бағаланды", - деді Әміров.
Брифингте айтылған ақпаратқа сәйкес, Алматы облысында қаңтардағы оқиғалар бойынша барлығы 409 қылмыстық іс тергеліп жатыр, оның ішінде 158 - тонау дерегі бойынша, 191 - қаруды заңсыз сақтау туралы іс, 11 - лаңкестік дерегі бойынша, үшеуі - тәртіпсіздіктер бойынша, үшеуі - кісі өлтіру бойынша.
Сонымен қатар, жазаны жеңілдетуге қатысты 93 апелляциялық өтініш енгізілді, оның 71-і босатуға, 22 айыппұлға өзгертілді. Прокурордың актілері сотта қанағаттандырылды және қазір облыста әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша қамауға алынғандар жоқ.
Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаптау дерегіне қатысты 37 қылмыстық істі тергеп жатыр.
"Жәбірленушілердің өтініштерінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаңтар оқиғалары бойынша қылмыстық істерді тергеу кезінде жәбірленушілерді қылмыс жасады деп тану мақсатында азаптаулар жасалғаны айтылған. Полиция және басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне қорғаушылар, туыстары, ата-аналары және жәбірленушілердің өздері арыз жазған. Сонымен қатар, күн сайын БАҚ мониторингі жүргізіледі", - деді брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті бастығының орынбасары Дулат Мадияров.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также