01 ақпан 2022 10:17

Алматы облысында қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған ерлі-зайыпты ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Қаржы мониторингі агенттігінің департамент қызметкерлері Алматы облысында қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған ерлі-зайыптыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы мониторингі агенттігінің департамент қызметкерлері Алматы облысында қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған ерлі-зайыптыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерлі-зайыпты "Елімай-2019" тұтыну кооперативінің атын жамылып, қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген. Оларға қатысты 217-бап "Қаржылық (инвестициялық) пирамидалық схеманы құру және басқару" бойынша тергеліп жатыр. Күдіктілер Алматы облысындағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазіргі уақытта алдын ала тергеу органына зардап шеккен 125-тен астам адам жүгінген. Тергеу жәбірленушілер саны әлдеқайда көп болуы мүмкін деп есептейді, осыған байланысты Қаржы мониторингі агенттігі зардап шеккен азаматтарды мына мекенжайға хабарласуды сұрайды: Өтеген батыр кенті, Батталханова көшесі, 11А немесе +7 (727) 251-71-06 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында ерлі-зайыпты құрған қаржы пирамидасы әшкереленгені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram