ПОДЕЛИТЬСЯ
12 ақпан 2021 | 09:12
"Алматы облысында қасқырлар терісі үшін өлтірілген": қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысындағы үй ауласында тұлыптар жасау және таксидермиялық қызметпен айналысу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін еріктілер қасқырларды терілері үшін өлтіретіндер барын айтқан. Бұл оқиғаның қалай өрбігенін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экология министрлігі өкілдері зооқорғаушы Евгения Калиниченко қасқырларды ұстау және сату орнынан кадрлар жариялағаннан кейін Алматы облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары оқиға орнына барғанын айтты. Сондай-ақ, ол жерге Полиция департаменті мен "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК қызметкерлері барған.
"Үй ауласында тұлыптар жасау және таксидермиялық қызметпен айналысу дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігі ("Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз пайдалану") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр", - деп түсіндірді Экология министрлігіндегілер.
Ведомстводағылар Алматы облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары процессуалдық шешім қабылдау үшін жан-жақты әдістемелік және консультативтік көмек көрсететінін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін зооволонтерлер Алматы облысындағы үй ауласында қасқырды өлтіріп, терісін сыпырып, кейін кілем жасап желіде сатылып жатқанын хабарлаған болатын. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар қазақстандықтарды шошытқан еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также