14 қыркүйек 2020 12:10

Алматы облысында кәсіпкер салықтан жалтарғаны үшін 5 жылға сотталды

Сурет:elements.envato.com

Алматы облысында салық төлемеген кәсіпкер бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында салық төлемеген кәсіпкер бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеуді Алматы облысы экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізгені хабарланды. Ер адам салықтан жалтарғаны үшін бірқатар жалған фирмаларды тіркегені белгілі болды.

Реклама
Реклама

"Ол бірқатар ұйымнан бюджетке салық төлеуден жалтарған, ол декларацияға кірістер мен шығыстар туралы әдейі бұрмаланған мәліметтерді енгізіп, салық салу объектілері мен басқа да төлемдерді жасырды.

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке салық және бюджетке түсетін міндетті төлемдерді өтемеу түрінде 1,635 миллиард теңге сомасында материалдық залал келтірілді", - деп хабарлады ҚМК өкілдері.

Нәтижесінде ер адам мемлекеттік және коммерциялық, сондай-ақ басқа да ұйымдарда үш жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, бес жылға сотталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram