13 мамыр 2020 | 09:58

Алматы облысында кәсіпкердің қарумен ұсталуы: полиция істің мән-жайын айтты

Видео кадры

Алматы облысында ұсталған кәсіпкер бірден төрт қылмыстық бап бойынша күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында ұсталған кәсіпкер бірден төрт қылмыстық бап бойынша күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық журналист Ардақ Байғабыл Instagram желісіндегі парақшасында кәсіпкер Асылбек Әукеновті ұстап жатқаны түскен видеоны жариялаған болатын. Алматы облысы Көктал ауылының кәсіпкері қарумен ұсталған. Алайда ер адам полицейлер қаруды әдейі салып жібергендерін айтқан. 

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АРДАҚ БАЙҒАБЫЛ (@ardaqbaigabyl) 10 Май 2020 в 4:25 PDT

Полиция мәліметінше, 14 сәуірде кәсіпкердің үстінен 1978 жылғы А. есімді әйел адамның атынан аса ірі көлемде алдау арқылы арнайы техниканы иемдену дерегі бойынша арыз түскен (ҚР Қылмыстық кодексінің 195-бабы, 4-бөлігі). 

"Сотқа дейінгі тергеу барысында А. есімді ер адам жәбірленушінің күйеуін ҚХР-дан Қазақстанға қайтарып беруге уәде беріп, 11 миллион теңге сомасында ақшасын иемденгені анықталды (190-баптың  4-бөлігі). Сондай-ақ жәбірленушінің күйеуінің Toyota Land Cruser Prado маркалы көлігін иемденіп алған (ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы)", - дейді облысты ПД баспасөз қызметі өкілдері. 

Жедел-тергеу шараларын жүргізу барысында жергілікті кәсіпкер ұсталды. Сот санкциялаған тінту кезінде куәгерлердің қатысуымен автокөлік салонында заңсыз сақталған қаруды анықтады және тәркіледі (ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, 3-бөлігі).

Бүгінде ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

"Жақын арада сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктіге қатысты бұлтартпау шараларын таңдау мәселесі шешіледі", - делінген хабарламада. 

Алматы облысында ауыл кәсіпкері қарумен ұсталды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная