28 қазан 2019 09:22

Алматы облысында кісі өлтірген такси жүргізушісіне сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматы облысында өз танысын өлтірген такси жүргізушісі сотталды. Ер адам 16 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы облысында өз танысын өлтірген такси жүргізушісі сотталды. Ер адам 16 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Іс Алматы облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта қаралған. Тергеу нұсқасы бойынша, 2019 жылы 14 маусымда 47 жастағы ер адам Алматы - Өскемен тасжолында Айнұр Қасымованы тонап, өлтіріп кеткен. Әйел жоғалып кеткеннен кейін туыстары полицияға арыз жазан. 

"Үйіне барар жолда әйел ұялы телефон арқылы туыстарымен сөйлесіп, көлік бұзылған соң, ол "жолшыбай кетіп бара жатқан" көлікке мінген. Алайда туыстарымен такси жүргізушісі жазысқаны белгілі болды. Сотта сотталушының Қасымовадан қарыз алып, уақытылы қайтара алмағаны белгілі болды. Қасымованың Ақсу ауданындағы ауылға бара жатқанын естіген сотталушы жеткізіп салуды ұсынған. Сонымен қатар, ол әйелдің қомақты қаражаты барын білген. Жол-жөнекей ол әйелді өлтіріп, заттарын иемденген", - деді облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері. 

 25 қазанда ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің "Кісі өлтіру" және "Ұрлық" баптары бойынша кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздік деңгейі ең жоғарғы мекемеде өтейтін болады.

Айта кетейік, Айнұр Қасымова 2019 жылы маусымда із-түссіз жоғалып кеткен еді. Әйел туған ауылындағы салтанатты шараға асыққан. Өзімен бірге жарты миллион теңге болған. Ол өзіне 300 мың теңге қарыз болған танысының көлігініе отырған. Ол ақшаны қайтарамын деп, өлтіріп тастаған. Өзіне күдікті алып тастау үшін, ер адам әйелдің туыстарына оның басқа таксиге отырып кеткенін айтқан. 

Кейін полицейлер оны ұстады. Ол адам өлтіргенін айтты және қайда көміп тастағанын көрсетті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети