ПОДЕЛИТЬСЯ
03 наурыз 2021 | 15:16
Алматы облысында күзетшілер тұтқынды ұрып-соққан
Алматы облысында күзетшілер тұтқынды ұрып-соққан. Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында күзетшілер тұтқынды ұрып-соққан. Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысында қамаудағыны ұрып-соғу туралы ақпарат Kozachkov offside Telegram-арнасында пайда болды. Жазба авторының мәліметіне сүйенсек, жәбірленуші Алматы қаржы полициясының бұрынғы басшысы Әмірхан Аманбаевпен бірге сотталған қызметкер.
"Колонияда Әмірхан Аманбаевпен бірге сотталған Сергей Ильин соққыға жығылған. Генерал бостандыққа шықты, ал Ильин 16 жылдық жаза мерзімін өтеп жатыр", - деп жазды автор.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тілішіміздің сауалына жауап ретінде, 2017 жылдың 22 ақпанында Сергей Ильин қылмыстық қоғамдастық құрғаны және оны басқарғаны үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлады.
"Мінез-құлқы қалыпты, ол жазасын жеңілдетілген қамау мекемесінде өтейді", - деп толықтырды департамент өкілдері.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәліметіне сүйенсек, ұрып-соғу дерегі ҚР ҚК-ның 448-бабы 2-бөлігі "Қадағалау қызметін жүзеге асыру ережелерін бұзу" бойынша тіркелген.
"Қапшағай гарнизоны әскери полициясы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 2021 жылдың 23 ақпанынан бастап Ильин Қапшағай қалалық ауруханасында жатыр", - деп қорытындылады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдері.
Айта кетейік, Алматы қаласы қаржы полициясының бұрынғы басшысы 2017 жылы 22 ақпанда 14 жылға бас бостандығынан айырылды.
Оған ҚК-нің "Жәрдемдесу", "Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам жасаған жалған кәсіпкерлік", "Қызмет бабын пайдалана отырып қылмыстық қоғамдастық құру не оған басшылық ету", "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)", "Лауазым өкілеттіктерін теріс пайдалану", "Аса ірі мөлшерде пара алу" баптары бойынша айып тағылды.
Тергеу нұсқасы бойынша Аманбаев және басқа да қылмыстық іске қатысы бар қызметкерлер Алматы аумағында құрылған жалған кәсіпорындар арқылы ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша заңға қарсы әрекеттерді жүзеге асырған. Кейбір сотталушы есірткіні заңсыз қолданды деп айыпталды.
2020 жылы шілдеде Әмірхан Аманбаевқа шығарылған үкім жойылды. Ол бостандыққа шықты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также