Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы облысында криминалдық полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында криминалдық полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облыстық ІІД бастығының орынбасары, полковник Серік Шалхаров өңірде мал ұрлығы дерегін ашумен айналысатын арнайы топтар құрылғанын айтты.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ұйғыр, Кеген, Талғар аудандарында, сондай-ақ Қонаев қаласында мал ұрлап, сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталған. Қазіргі таңда оларға мал ұрлығының 7 дерегі бойынша айып тағылып отыр.

Реклама
Реклама

"Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері бірнеше ауданда мал ұрлаған 1993, 1984 және 1983 жылы туған ер адамдарды ұстады. Оларға 16 бас ірі қара мен екі жылқы ұрлады деген айып тағылып отыр", - деді полиция полковнигі Серік Шалхаров.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы "Мал ұрлығы" бойынша соталды тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама