ПОДЕЛИТЬСЯ
17 сәуір 2020 | 17:32
Алматы облысында мас жүргізуші блокбекетте полицейге шабуыл жасады
Алматы облысындағы блокбекетте полицейге шабуылдаған мас жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысындағы блокбекетте полицейге шабуылдаған мас жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына оқшауланды. Оған Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік кодекстерінің бірқатар баптары бойынша жаза қарастырылған.
"17 сәуірде түнде "Қаскелең – Шамалған" автожолындағы "Алма-8" блок-бекетінде тәртіп сақшылары көлік құралдарын тексеру кезінде "ЗАЗ ШАНС" маркалы көлік тоқтатылды. Көлік тізгіндеген 27 жастағы Шамалған ауылының тұрғыны полицейлердің тоқтатқанына риза болмай, соққылар жұмсаған. Тәртіп сақшысы дене жарақатын алған және қызметтік киімі жыртылған. Бұзақы жүргізушіні жөнге келтірген тәртіп сақшылары оған арнайы құралдарды пайдалауға мәжбүр болды, сөйтіп, қаскүнемді медициналық мекемеге жеткізген. Мединицалық сараптаның қорытындсы оның орта дәрежеде мас екенін дәлелдеген", - деп хабарлады Алматы облысы Қарасай аудандық Полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.
Заң бұзушының қолынан Қарасай аудандық ПБ криминалистика бөлімінің бастығы Айдос Байғазиев зардап шекті. Подколковник бірқатар дене жарақаттарын алған. Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-тармағына сәйкес билік өкiлiне күш қолдану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.
Сонымен қатар, ұсталған азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабына сәйкес төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған, билік өкілінің заңды талабына бағынбау және ҚР ӘҚбК 608-бабы, яғни жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқару деректері үшін заң алдында жауап береді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также