02 ақпан 2022 | 10:58

Алматы облысында мефедрон жеткізу арнасы әшкере болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:polisia.kz

Қазақстан мен Ресейдің ІІМ есірткіні бақылау жөніндегі қызметтерінің өзара іс-қимыл жасауы нәтижесінде Алматы облысында психобелсенді зат - мефедронды өткізу арнасының жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Ресейдің ІІМ есірткіні бақылау жөніндегі қызметтерінің өзара іс-қимыл жасауы нәтижесінде Алматы облысында психобелсенді зат - мефедронды өткізу арнасының жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменттің қызметкерлері мен Алматы облысының ЕҚҚІБ қызметкерлері Қарасай ауданының Жетісу ауылында 20 жастағы ер адамды ұстап, одан 2,5 келі синтетика тәркілеген.

"Есірткі 5 полиэтилен қапшыққа буып-түйіліп, қапқа салынған. Ол есірткіні кейіннен Нұр-Сұлтан қаласына тасымалдап, саудалауды жоспарлағаны анықталды", - деп жазды басылым.

Реклама
Реклама

Қылмыстық кодекстің 297-бабы "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Енді ер адам мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін түрмеге тоғытылуы мүмкін. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтың айтуынша, қазіргі уақытта іске қатысы бар тұлғалар, сондай-ақ, есірткі жеткізу арналары анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная