22 қаңтар 2022 09:26

Алматы облысында мектеп оқушысы зорланғанын мәлімдеді

© astanatv.kz

Алматы облысында белгісіз біреулер 16 жастағы оқушы қызға қорлық көрсеткен. Мұнысымен қоймай олар бұл әрекеттерін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. "Астана" телеарнасына осылай шағымданған бойжеткеннің ата-анасы кінәлілердің жазалануын сұрап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында белгісіз біреулер 16 жастағы оқушы қызға қорлық көрсеткен. Мұнысымен қоймай олар бұл әрекеттерін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. "Астана" телеарнасына осылай шағымданған бойжеткеннің ата-анасы кінәлілердің жазалануын сұрап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Телеарна тілшісінің сөзінше, оқиға 24 желтоқсанда кешкі уақытта болған. 16 жастағы Галина әлеуметтік желі арқылы танысқан екі қызбен өзен маңында кездеседі. Оның айтуынша, қыздар осы жерде бойжеткенді ұрып-соғып, зорлық-зомбылық көрсететін екі жігітті шақыртқан.

Галинаның айтуынша, қос бойжеткен өзін сырттай бақылап жүрген. Кездесу кезінде ештеңе түсіндірместен жұдырық ала жүгірген. Басынан ұрып, денесінің сау-тамтығын қалдырмаған.  

Реклама
Реклама

"Олар маған ауылда өздері туралы қауесет тараттың деп сес көрсетті. Біздің нашақор екенімізді, есірткі қолданатынымызды кімге айттың деп ұра бастады. Мен оларды мүлде танымаймын да. Әлеуметтік желіде кездесу туралы жазғанда да қоқан-лоқы көрсетті", - дейді оқушы қыз.

Бойжеткен қорланғаны жайлы алғашында үйдегілерге тіс жармаған. Үш күннен соң әлгі қыздар оны қайта соққыға жыққан. Киімін шешіп мазардың ішімен ары-бері жүгіруін бұйырған. Сорақысы бұл қылықтарын видеоға түсіріп, желіге жүктеген.  

"Желтоқсанның 27-і қызым үйге көк ала қойдай боп келді. Мұрны сынған. Беті аузы ісіп кеткен. Алғашында не болғанын сұрағанымда айтпай қойды. Кейін мән жәйді түсіндірді. Бірден полиция шақырдым. Біз зорлық көрсеткен екі жігіттің де оларды видеоға түсірген достарының да әділ жазалануын сұраймыз", - дейді бойжеткеннің анасы Надежда Тыркова.

Полиция Департаменті іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 123-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтау мақсатында, тиісті сараптамалар тағайындалып тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Әбілтай Әбенов.

Телеарна тілшісінің мәліметінше, бұл бап бойынша 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram