19 наурыз 2021 | 09:09

Алматы облысында науқастың күйеуі фельдшерді соққыға жыққан

© almaty.tv

Алматы облысы Райымбек ауылында жедел жәрдем шақыртқан ер адам фельдшерді ұрып-соғып, қолын сындырған, - деп хабарлайды Almaty.tv.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Райымбек ауылында жедел жәрдем шақыртқан ер адам фельдшерді ұрып-соғып, қолын сындырған, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Телеарна мәліметінше, дәрігер әйел адамнан қан кетіп жатқанын байқап, науқасты бірден ауруханаға жеткізу үшін көлікке отырғызған. Ал, жедел-жәрдем көлігі ішінде науқастың күйеуі фельдшерге дөрекі сөйлеп, ішімдік ішпек болған. Дәрігердің ескертуіне қатты ашуға булығып, бірден жұдырық ала жөнелген. Нәтижесінде медицина қызметкерінің қолы сынып, түрлі дене жарақатын алған. Дәрігердің сөзінше, олар шақыртуға уақытылы келген.

"Күйеуі маған шабуыл жасады. Ұрды, тепті, мен нақты білмеймін кім ұрғанын, тепкенін, қолыма тиді. Ол ер адам жүргізушіге де шабуыл жасады",- деді фельдшер Ислам Қуандықов.

Реклама
Реклама

Облыстық полиция департаменті фельдшерге шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Шабуыл жасаушы - Райымбек ауылының 35 жастағы тұрғыны. Тергеу нәтижесінде ер адам мас күйде болғаны анықталды.

"Бүгінде күдікті анықталып, жауап алынды. Ол Райымбек ауылының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Медициналық сараптама оның орта дәрежедегі масаң күйде болғанын көрсетті. Сонымен қатар, жәбірленуші Қарасай аудандық полиция басқармасына арыз берген. Қылмыстық кодекстің 107-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды", - деді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная