Алматы облысында пәтер ұрылары ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматы облысында пәтер ұрылары ұсталды

Талдықорғанда ұрлық жасады деп күдікке ілінген ұйымдасқан топ мүшелері анықталды. Оларды Алматы облысының полициясы құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорғанда ұрлық жасады деп күдікке ілінген ұйымдасқан топ мүшелері анықталды. Оларды Алматы облысының полициясы құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алты күдіктінің төртеуі ұсталған.

"Бір ай ішінде қалада пайдалануға берілмеген үйлерден бірнеше ұрлық жасалды. Ұрылар үйге кіріп, жылу батареяларын ұрлаған, - дейді Талдықорған қаласындағы ПБ Батыс полиция бөлімінің бастығы Айдын Әденбаев.

Реклама
Реклама

Осы учаскеде жұмыс істеген топ ұрлық жасады деген күдікке ілінді. Оларды бақылау кезінде күдік расталған. Полиция мәліметінше, қазір топтың қалған екі мүшесін ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар бес ұрлық жасағанын мойындады, бірақ олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Соталды тергеу ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың көлігі сот шешіміне дейін арнайы тұраққа қойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама