26 қаңтар 2022 | 08:53

Алматы облысында полицей адам өліміне әкеп соққан жол апатын жасады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Оқиға 23 қаңтарда Алматы - Талғар тасжолында болған. Toyota Prado жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Honda Stream көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Honda көлігінің 20 жастағы жолаушысы қайтыс болды. Жол апатына кінәлі полиция қызметкері екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оқиға 23 қаңтарда Алматы - Талғар тасжолында болған. Toyota Prado жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Honda Stream көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Honda көлігінің 20 жастағы жолаушысы қайтыс болды. Жол апатына кінәлі полиция қызметкері екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының полиция департаменті Toyota Prado көлігінің жүргізушісі анықталып, ұсталғанын хабарлады.

"Жол талғамайтын көлікті ішкі істер органының қызметкері басқарғаны анықталды. Аталған факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, 24 қаңтарда облыстық полиция департаментінің тәртіптік комиссиясының шешімімен ол беделіне нұқсан келтіргені үшін қызметінен босатылды. Шын мәнінде, оқиғаның барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Жол-көлік оқиғасы бойынша 345-баптың 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет – белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. және Қылмыстық кодекстің 347-бабы "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная