ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қыркүйек 2021 | 14:02
Алматы облысында шенеунік 33 миллионға жуық қаржы жымқырды деген күдікке ілінді
Алматы облысы, Сарқан ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы ақша жымқырды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік департаментіне (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) сілтеме жасап.

Басқарма бастығы Алматы облысы, Сарқан ауданы Бақалы, Алмалы, Көкөзек ауылдарындағы үш спорт алаңы құрылысына "Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 32,9 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Шенеунік уақытша қамау изоляторында отыр.
"Тергеу жалғасып жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабына сай тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат айтылмайды", - деді департамент қызметкерлері.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысы әкімдігі білім басқармасы әдістемелік орталығы қызметкерлері 36 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. Бұл ақша аймақтағы мектептер мен колледждерде спортшыларды дайындауға жұмсалуы тиіс еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также