22 желтоқсан 2021 12:13

Алматы облысында судьяға пара беру ісі бойынша күдіктілер кепілмен босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы облысында судьяға пара беру ісі бойынша күдіктілер кепілмен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық мамандандырылған тергеу сотына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында судьяға пара беру ісі бойынша күдіктілер кепілмен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық мамандандырылған тергеу сотына сілтеме жасап.

Соттың баспасөз қызметі мәліметінше, 21 желтоқсанда облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен Жанпейісов пен Тазабековке қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қолдаухат келіп түскен. Олар Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот судьясына пара беруге көмектескен және пара берді деп күдікке ілінген.

"Тергеу соты материалдарды қарау кезінде соталды тергеу органы ҚІЖК-нің 145-бабы бойынша кепілді қолдану туралы норманы сақтағанын анықтады. Кепілзат қабылданды. Оның құны да ҚІЖК-нің 145-бабына сай. Онда адам ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінгенде берілетін кепіл мөлшері белгіленген", - деді сот өкілі.

Реклама
Реклама

Тергеу сотының қаулысы бойынша, күдіктілерге тергеу органы таңдаған кепіл түріндегі бұлтартпау шараларына санкция берілген.

"Сот тергеу органының өтініші аясында және ҚІЖК-нің 55, 56, 145-баптары талабына сәйкес қаулы шығарды. Қылмыстық істің басқа да егжей-тегжейі қылмыстық процесті жүргізуші органда болады. Басқа материалдар түскен жоқ", - деп толықтырды соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Бұған дейін 21 желтоқсанда Алматы облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты судьясының кеңсесінде тінту жүргізілгені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram