Алматы облысында тонауға қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
© polisia.kz

Алматы облысы полиция департаментінің қызметкерлері қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде "Апорт" сауда-ойын-сауық кешенінен ұялы телефон ұрлаған үш күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер 21 жастағы үш күдіктіні ұстады. Ұсталғандардың барлығы Алматы облысының тумалары.

"Қазіргі уақытта 32 жастағы зардап шегуші 16 ұялы телефон ұрланғанын мәлім етті. Ұсталған тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялануға жатпайды", - деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама