03 қыркүйек 2021 09:16

Алматы облысында төрт жігіт 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
© elements.envato.com

Алматы облысында төрт жігіт 14 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында төрт жігіт 14 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Күдіктілер ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Олардың үшеуі 17 жаста, біреуі 18 жаста. Күдіктінің үшеуі Текелі қаласының тұрғыны.

Полиция ақпаратты растады. Жәбірленуші қыздың әкесі арыз түсіргеннен кейін күдіктілер бірден ұсталған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, жастар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алматы облысының ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram