Алматы облысында зейнеткерді 70 жастағы құрбысы сабаған болып шықты

© pixabay.com

Полиция Жетігендегі 79 жастағы қарт әйелдің дене жарақатын алу жағдайын анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция Жетігендегі 79 жастағы қарт әйелдің дене жарақатын алу жағдайын анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Еске салайық, , 14 маусымда Іле ауданының орталық аудандық ауруханасына Жетіген ауылының 79 жастағы тұрғыны келіп түскен. Жауап алу барысында егде жастағы әйел жалғыз тұратынын, дене жарақатын құлау салдарынан өз үйінде алғандығын жеткізген. Сонымен қатар, арыз беруден, сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан.

Реклама
Реклама

Аталған дерек ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу барысында тәртіп сақшылары танысын күректің сабымен ұрғанын мойындаған Жетіген ауылының 70 жастағы тұрғынын анықтады.

Айғақ зат қылмыс құралы ретінде сараптамаға жіберілді. Күдікті мекен-жайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды. Істің барлық егжей-тегжейлі мән-жайлары сотқа дейінгі тергеу барысында белгілі болады. Тергеу жалғасып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама