10 қаңтар 2020 | 09:03

Алматы облысындағы тасжолда қарулы топ ұсталды

Алматы облысында арнайы операция кезінде қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды КТК. Полицейлер оларды ұстау үшін бірнеше ай дайындалған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында арнайы операция кезінде қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды КТК. Полицейлер оларды ұстау үшін бірнеше ай дайындалған.

Қаскөйлер тасжолдың бойында ұсталған. Үш күдікті отырған көліктен құқық қорғау органдары өкілдері қару мен 2 келі есірткі тапқан.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта тергеуді облыстық полиция департаменті ерекше бақылауына алды. Бірден бірнеше бап бойынша тергеу жүріп жатыр: ұрлық, есірткі мен қаруды заңсыз сақтау", - деп пікір білдірді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин.

Тәртіп сақшылары банда мүшелерінің үй мен пәтер тонағанын анықтаған. Олар көбіне облыс аудандарында жүрген. Ұрылар тек бағалы заттарды, ақшаны және зергерлік бұйымдарды алып кетіп отырған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары зардап шеккендердің санын анықтап жатыр.

Болжам бойынша, қылмыстық топтың сегіз ірі қарақшылыққа қатысы бар. Тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілді. Ұсталғандар қамауда отыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады