07 желтоқсан 2021 | 11:06

Алматы облысының тұрғындарына тапанша мен пышақ ұстаған үш ер адам шабуыл жасады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:polisia.kz

Алматы облысында тапанша мен пышақ ұстаған үш ер адам тұрғындарға шабуыл жасап, қымбат телефондарын тартып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында тапанша мен пышақ ұстаған үш ер адам тұрғындарға шабуыл жасап, қымбат телефондарын тартып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

6, 7 және 9 қарашада Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне үш адам арызданған. Олар түнгі уақытта өздеріне қарулы шабуыл жасалғанын айтқан. Барлық жерде үш жігіт медициналық маска, кепка және капюшонмен бой көрсеткен. Олардың қолында тапанша мен пышақ болған. Күдіктілер жәбірленушілерге қоқан-лоқы көрсетіп, 330 мыңнан 840 мың теңгеге дейінгі қымбат телефонын тартып алған. Олар жалға алынған Honda көлігімен жүрген.

Жәбірленушілердің арызынан кейін полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын ұйымдастырып, күдіктілер Алматы қаласында ұсталған.

Реклама
Реклама

Анықталғандай, олар осыған дейін қарақшылық жасағаны үшін, денсаулыққа ауыр зиян келтіріп, біреудің көлігін айдап әкеткені үшін істі болған.

"Ұсталғандардан пышақ, тапанша, екі ұрланған телефон мен маска тәркіленген. Күдіктілер екі телефонды сатып үлгерген. Қазір аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігі 1, 4-тармағы ("Адамдар тобы жасаған қарулы қарақшылық") бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу уақытында үш күдікті де қамауда болады",- делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная