ПОДЕЛИТЬСЯ
26 желтоқсан 2018 | 17:36
Алматы облысының тұрғыны бірнеше рет көлік ұрлады деген күдікке ілінді
Алматы облысының полицейлері көлік ұрлады деген күдікпен 39 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Күдіктінің бұған дейін де көлік ұрлағаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысының полицейлері көлік ұрлады деген күдікпен 39 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Күдіктінің бұған дейін де көлік ұрлағаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Панфилов ауданының орталығындағы көпқабатты үйлердің ауласынан Mazda маркалы көліктің ұрлану дерегі бойынша тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шаралары барысында жергілікті тұрғын қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Қылмысты ашуға бағытталған тиісті шаралар кезінде күдікті анықталып, оның тұрғылықты мекенжайынан айғақзаттар табылған.
"Көлік ұрлығына қатысы бар деген күдікпен Панфилов ауданының 39 жастағы азаматы ұсталды. Сондай-ақ, тексеру барысында күдіктінің биыл тамызда болған "ВАЗ-2109" көлігінің ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Күдіктінің үйінен ұрланған көліктердің қосалқы бөлшектері, мемлекеттік тіркеу нөмірлері табылып, тәркіленді. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат алынды", - деп атап өтті облыстық полиция өкілдері.
Сонымен қатар, полицейлер таратқан ақпаратқа сәйкес, осы күні Жамбыл ауданы тәртіп сақшылары да аудан тұрғынының Mitsubishi автокөлігін айдап кеткен 47 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады. Күдікті аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Көлік ұрлығына қатысты қылмыстық өндіріс ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес жүргізіліп жатыр.
"Өңірде автокөліктерді ұрлау қылмыстарын ашу және олардың алдын алуға бағытталған шаралар үнемі жүргізіледі. Биыл жыл басынан бері Алматы облысының полицейлері қолды болған 220 астам темір тұлпарды тауып, оларды заңды иелеріне қайтарды", - деп атап өтті облыстық ведомство өкілдері.
Показать комментарии
Читайте также