Алматы облысының тұрғыны үйінде 20 қап марихуана сақтаған

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы облысында 20 қап марихуана сақтаған деструктивті діни ағым өкілі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысында 20 қап марихуана сақтаған деструктивті діни ағым өкілі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы полициясының мәліметі бойынша, Алакөл ауданы тұрғындарының бірі ұсталған. Күдіктінің 20 қап есірткі затын үйінде заңсыз сақтағаны анықталған. Оны Алматы облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҰҚКД қызметкерлері құрықтады.

Тінту барысында 49 жастағы тұрғыннан жалпы салмағы 17,3 келі болатын 20 қап есірткі заты табылып, тәркіленген.

Реклама
Реклама

"Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі "Есірткі заттарымен заңсыз айналысу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат ҚР ҚІЖК-ның 128-бабы тәртібінде УҰИ-ге қамалды", - деді Алматы облысы ПД бастығы Руслан Найзабасов.

Алынған зат, алдын ала мәлімет бойынша кептірілген марихуана сараптамаға жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама