16 мамыр 2023 | 13:29

Алматы полицейлері интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдіктілерді анықтады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы полицейлері интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдіктілерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы полицейлері интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдіктілерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, бұл жолығы алаяқтардың құрбаны Алматы қаласы Наурызбай ауданының тұрғыны. Оған жақында бейтаныс адам қоңырау соғып, айласын асырған.

"Қоңырау шалған азамат өзін екінші деңгейлі банктердің бірінің қауіпсіздік қызметкерімін деп таныстырып, белгісіз біреулер оның атына несие рәсімдемек болып жатқанын айтты. Әңгімелесуші жәбірленушіні оған көмектесетініне бірден сендірді, бірақ оның нұсқауларын бұлжытпай орындауды талап етті. Алдымен “банк қызметкерінің” талабы бойынша жәбірленуші телефонына күмәнді қосымшаны жүктеп алған, бұл қаскөйлерге оның мобильді банкингіне қашықтықтан қол жеткізуге мүмкіндік берді. Одан әрі әңгімелесушінің кеңесімен телефонына екінші деңгейлі тағы үш банктің қосымшасын жүктеп алған. Осылайша, қаскөйлер жәбірленушінің атына 7,2 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеген", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Реклама
Реклама

Ахановтың айтуынша, бұл қылмысты ашу үшін қалалық криминалдық полиция және Наурызбай аудандық ПБ-ның қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру міндетін орындаған 29 және 34 жастағы екі азамат ұсталды және қамауға алынды. Қазіргі уақытта алаяқтықтың басқа қатысушыларын ұстауға бағытталған кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Қазақстан Республикасы ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная