ПОДЕЛИТЬСЯ
13 шілде 2021 | 09:44
Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаланың криминалдық полициясының мәліметінше, алаяқтар Instagram желісінің белсенді қолданушыларын пайдаланады.
"Алаяқтар, әдетте, сізді жазылушылар санына қарай таңдайды. Жазылушылары көп кез келген адам "көк белгіні" алғысы келеді - ол сіздің парақшаңыздың жалған емесін және оны Instagram әкімшілігі растайтынын білдіреді. Алаяқтар өзіне қажет адамды таңдағаннан кейі Instagram-дағы жалған қолдау қызметі парақшасынан сізге хабарлама жіберіп, сізге "көк белгі" статусы берілгені туралы тікелей SMS-хабарлама жібереді. Ол үшін сіз Instagram-ыңыздың құпия сөзін енгізу үшін сілтемеге өтуіңіз керек болады. Құпия сөзді енгізу арқылы автоматты түрде өтініміңіз қабылданғаны және үш күн ішінде қаралатыны туралы жазылған парақшаға түсесіз. Бірнеше сағаттан кейін өзіңіздің парақшаңызға кіру мүмкіндігінен мүлдем айырыласыз. Осыдан кейін ұялы телефоныңызға немесе WhatsApp-қа парақшаңыздың бұзылғаны туралы және шамамен 200-1000 АҚШ долларын төлеу керек деген хабарламалар келе бастайды", - деді Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.
Осы тізбекті қолдану арқылы Интернеттегі алаяқтық дерегі бойынша тек кейінгі бірнеше күнде алты адам Алматы полициясына шағым түсірді.
"Мұнда азаматтар қабылдауы қажет ақпараттық қауіпсіздік шаралары маңызды. Сізден әрдайым осындай хабарламаларға күмәнданып, оларға сын көзбен қарауыңызды сұраймыз. Біз сақ болуға және қырағылық танытуға шақырамыз", - деді Рүстем Әбдрахманов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также