Алматы полициясы жерлеу бағасын көтерген зират қызметкерлерін ұстады

Фото:elements.envato.com

Алматыда полицейлер жерлеу бағасын көтерген зират қызметкерлерін ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда полицейлер жерлеу бағасын көтерген зират қызметкерлерін ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға сегіз адам хабарласып, зират жұмысшыларына қатысты ресми мәлімдемелер жасады.

Өтініш білдіргендердің айтуынша, олар жерлеу қызметтері үшін қосымша ақы төлеуге мәжбүр болған, оларды белгіленген құнға қосымша 70-тен 80 мың теңгеге дейін төлеуге мәжбүр еткен. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, сондай-ақ, ІІМ басшылығы тапсырмасын орындау мақсатында, белгіленген мөлшерден басқа, марқұмның туыстарынан қайтыс болған адамдарды жерлеу қызметі үшін қосымша қаражат алудың заңсыз әрекеттерін болдырмау үшін арнайы тергеу-жедел топтары құрылды. Түбіртектер берілмеген, ақшаны зират кәсіпорнының қызметкерлері заңсыз пайдаланған.

Реклама
Реклама

Қабылданған шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері өз іс-әрекеттерін мойындаған екі азаматты анықтап, қамауға алды.

Қазіргі уақытта жәбірленушілер мен күдіктілердің қатысуымен қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, содан кейін, әрбір кінәлі адамның іс-әрекетіне жеке құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, жерлеу кезінде заңсыз бопсалаудың алдын алу үшін басқа жерлеу орындары да тексеріледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама