Алматы тұрғыны 185 тонна кальян темекісі контрабандасы үшін сотталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Алматы тұрғыны 185 тонна кальян темекісі контрабандасы үшін сотталды Видеодан алынған кадр

Салмағы 185 тонна кальянға арналған темекінің экономикалық контрабандасын жасаған Алматы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде жалпы салмағы 185 тонна кальянға темекіні Түрік Республикасынан ҚР-ның (Алматы қаласына) кеден аумағына заңсыз әкелу дерегі анықталды. Темекі ҚР кеден заңнамасын бұза отырып, мақта иірімжібінен жасалған мата түрінде әкелінген. Кальянға арналған темекінің кедендік құны 620 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында Э.Ражаповтың жалған құжаттарды қолданғаны, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу үшін дұрыс декларацияламағаны дәлелденді.

Реклама
Реклама

Э.Ражапов 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама