Алматы тұрғыны 7 миллион теңгеге жалған жолдама сатып алған

© ShutterStock

Алматы қаласының тұрғыны жеті миллион теңгеге туристік жолдама сатып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы қаласының тұрғыны жеті миллион теңгеге туристік жолдама сатып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2019 жылдың қазанында әйел адам туристік компанияның директорына жолдама сатып алу үшін келген. Алайда оған бұған дейін дайындалып қойған электрон билеттердің жалған квитанциясы берілген. 

"Айыпталушы сатып алушының сеніміне кіріп, 7,194 миллион теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Айыпталушы өз кінәсін толығымен мойындады", - дейді Медеу аудандық № 2 сотының өкілдері. 

Реклама
Реклама

Іс материалдарын зерттеп, сот сот әйел адамды алаяқтық ісі үшін кінәлі деп танып, оны үш жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді. 

Сот процесі WhatsApp және Zoom бағдарламаларының көмегімен онлайн-режимде өткен. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама