11 қараша 2021 | 15:05

Алматы тұрғыны жоқ Toyota Camry көлігін сатқан

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Алматы тұрғыны жоқ Toyota автокөлігін сатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғыны жоқ Toyota автокөлігін сатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, күдікті 43 жастағы С. есімді ер адам нарық бағасынан төмен бағамен Toyota Camry 40 көлігін "сатқан". Алаяқ өз мақсатын жүзеге асыру үшін бірнеше ұялы телефон қолданған. Ол өзін көлік иесімін, кейін ломбард қызметкерімін, тағы бірде Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерімін деп таныстырған.

"Ең өтімді көліктерді арзан бағамен сатып алғысы келетіндер көп болған. Келіссөз барысында алаяқ жәбірленушілерге клиент көп деп түсіндіріп, оларды алдын ала төлем жасауға асықтырған. Ақша аударған соң телефонын өшіріп тастаған. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков."

Реклама
Реклама

С. есімді азаматтың қатысуымен 15 алаяқтық дерегі анықталғаны белгілі болды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер осы адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуларын сұрайды: 227-55-02; 8-708-380-54-00; 8-775-663-94-36.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная