05 сәуір 2022 | 16:23

Алматы тұрғыны ірі көлемдегі героинмен ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Алматы тұрғыны героиннің аса ірі партиясымен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны героиннің аса ірі партиясымен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

39 жастағы С. есімді азамат есірткі сақтады деген күдікке ілінген. Ол Алматы қаласы Жетісу ауданында орналасқан базар маңында жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталған.

"Жеке тінту кезінде күдіктіден екі полиэтилен қапшық табылды, оның ішінде ақшыл түсті ұнтақ және түйіршік түріндегі ерекше иісі бар зат тәркіленді. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол есірткіні белгісіз ер адамнан сатып алған. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат аса ірі мөлшердегі героин болып шықты", - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.

Реклама
Реклама

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлімі бойынша соталды тергеу басталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram