Алматы тұрғынын аяусыз сабады деген күдікті ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Алматы тұрғынын аяусыз сабады деген күдікті ұсталды Видеодан алынған кадр

Полиция қызметкерлері Алматы тұрғынын автотұраққа байланысты соққыға жықты деген күдікпен ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері Алматы тұрғынын автотұраққа байланысты соққыға жықты деген күдікпен ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Автотұрақта болған жанжал кезінде 39 жастағы жергілікті тұрғын қарсыласына ауыр дене жарақатын салған. 1982 жылы туған күдікті анықталып, ұсталды. Ол қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы полковник Ілияс Өмірсеріков.

Реклама
Реклама

39 жастағы күдікті. Алматы ПД баспасөз қызметінің суреті

Ол бұл дерек Қылмыстық кодекстің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" 106-бабы бойынша тіркелгенін еске салады. Осы қылмысты ашу, оның мән-жайларын анықтау және кінәліні жауапқа тарту мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама