Алматы тұрғынынан сегіз "Сайга" қаруы тәркіленді

Фото: Polisia.kz

Алматы полицейлері тұрғыннан сегіз "Сайга" қаруын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Алматы полицейлері тұрғыннан сегіз "Сайга" қаруын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Бұл жолы Алматының Наурызбай ауданы тұрғынының сарайынан қару-жарақ, оптикалық көздеуіш және аңшылық құралдары сақталған орын табылды.

"Арнайы іс-шара кезінде 1984 жылға К. есімді ер адам ұсталды, ол жедел іс-шаралар барысында биыл 5 қаңтарында "Камерад" қару-жарақ дүкенінен 12-ші калибрлі тегіс ұңғылы сегіз мылтықты ұрлаған анықталды. Күдікті олжаны үй адамдарының көзінен алшақ, сарайда жасырғаны анықталды. Барлық қару тәркіленді. Оларға сараптама тағайындалды", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Реклама
Реклама

"Камерад" қару-жарақ дүкенінен қару-жарақ пен өзге де мүлікті ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі тергеп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама