06 сәуір 2023 | 12:35

Алматыда 10 000 теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқандар ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматыда 10 000 теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқан бір топ адамның қылмыстық әрекетінің жолы кесілді., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 10 000 теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқан бір топ адамның қылмыстық әрекетінің жолы кесілді., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген тінту барысында қылмыстық әрекеттің заттай айғағы: жалған банкноттар, ұялы телефондар және басқа да заттар табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бір күдіктіге қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, басқа тұлғалардың заңсыз әрекеттерге қатысы анықталуда.

Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная