ПОДЕЛИТЬСЯ
19 наурыз 2021 | 10:29
Алматыда 12 мектепке "мина қойылды" деген хабар тексеріліп жатыр
Алматыда белгісіз адам 12 мектепке "мина қойды" деген ақпарат пайда болды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Бұл туралы 12 білім беру мекемесінің электрон поштасына хабарлама келген. Онда шабуылдаушы ақша аударуды сұраған. Талабын орындамаса мектеп ғимаратын жарып жіберетінін жазған", - деп хабарлады құқық қорғау органдары өкілдері.
Полиция өкілдері барлық ғимаратты саперлер тексеріп жатқанын хабарлады.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне тіркелді. Белгісіз адамның жеке басын анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также